Қоғам

Министр Денис Тенді марапаттау жайлы: Қолымнан келгені осы

© Sputnik / Сергей КимДенис Тен қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталды
Денис Тен қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалмұханбет Қасымов Тенге берілген медаль министрліктегі ең жоғарғы награда екенін мәлімдеді

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Тен қайтыс болғаннан кейін марапатталған медаль туралы айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

"Бұл мен марапаттайтын ең жоғарғы награда. Бұл медаль түрлі жағдай кезінде ерлік көрсеткені үшін және өзінің функционалдық міндеттерін орындағаны үшін беріледі", — деді Қасымов мәжіліс кулуарында. 

Алматыда Денис Тенге мемориалды тақта орнатылды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда Денис Тенге мемориалды тақта орнатылғаннан кейін шу шықты

Оның айтуынша, Денис Тен қылмыстың жасалуына тосқауыл болып, өзін батыл ұстады.  

"Сондықтан мен оны марапаттау туралы шешім қабылдадым", — деді министр. 

"Желі қолданушыларының марапатқа қатысты сан түрлі пікіріне қалай қарайсыз?" деген журналистердің сұрағына Қасымов "қолымнан келетіні бар болғаны осы" деді. 

Айта кетсек, өткен жұмада ішкі істер министрінің бұйрығымен Денис Тен қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталды. Марапаттау рәсімі Ұлттық ұланның әскери бөлімшесінде өтті. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының әкесіне "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін" медалі берілді. 

2011 жылдан 2012 жылға дейін Денис Тен Алматыдағы Ұлттық ұланның № 7552 әскери бөлімінде әскери қызметте болған. Сочи олимпиадасына дейін ол "кіші сержант" атағына ие болған, бірақ қола медаль жеңіп алғаны белгілі болғанан кейін оны лейтенант атағына дейін көтеру туралы бұйрық шықты.


Жаңалықтар
0