Димаш Құдайберген 10 қарашада Мәскеуге ұшып келді, ол Ресейдің құқық қорғау органдары қызметкерлері күніне арналған концертке қатысты. 24 жастағы әнші Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен ән айтып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
"Любовь уставших лебедей" әні бінеше жыл бұрын жазылған. Оны алғаш рет канадалық әнші Лара Фабиан орындады. Әннің сөзінің авторы — Михаил Гуцериев, музыкасын Игор Крутой жазған.
2018 жылдың қыркүйегінде Димаш Құдайберген Сочиде "Новая волна" байқауында қонақ ретінде және А-Студио тобының отыз жылдығына арналған концертте өнер көрсетті.
Қазіргі уақытта Димаш Қытайда көп концерт қояды. 19 қарашада Лондонда әншінің DQ шоуы өтеді. Концерт Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.