Қоғам

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Асем МиржекееваАстанада бұрқасын
Астанада бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 10-12 қарашадағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады, ал дүйсенбіде қар жауып, кей жерлерде бұрқасындатады. 

Батыс Сібір аймағынан Қазақстанға ығысатын суық атмосфералық ағымдардың әсерінен еліміздің барлық дерлік өңірінде күн суытады. Бұл күндері ауа температурасы климаттық нормадан 2…5 градус, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 5…10°С төмен болады деп болжануда.

Жаңалықтар
0