Әлем

Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды

© AFP 2024 / JACK GUEZТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін бейсенбіге қараған түні Тәжікстанның солтүстігіндегі қатаң режимдегі түзету колониясында тұтқындардың бүлік шығарғаны туралы хабарланды

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Тәжікстанның солтүстігінде орналасқан Худжанд қаласындағы қатаң режимдегі колонияда болған бүлік салдарынан екі офицер, колония және арнайы күштер қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.

Әйелдің архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды

Хабарламада тағы алты құқық қорғаушының жарақат алғаны және 25 тұтқынның көз жұмғаны туралы жазылған.

"Бүлік кезінде екі офицер өлді, алты күзетші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды… Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", — деді агенттікке сұхбат беруші.

Мұнымен қатар, хабарламада Согда облысының құқық қорғау органдарының күшейтілген режимге өткені туралы жазылған.

Худжандтың барлық жолында және Өзбекстан мен Қырғызстанға баратын барлық тасжолда тексеріс күшейтілді.

Тағы оқыңыз:

Осы уақытқа дейін бейсенбіге қараған түні тұтқындағылардың Тәжікстанның солтүстігінде орналасқан қатаң режимдегі түзету колониясында бүлік шығарғаны туралы хабарланды.

Дереккөзіндегі ақпарат бойынша, дабылдан кейін Согда күштері жүйесінде бүлікті тоқтату үшін арнайы күштер жұмылдырылып, нәтижесінде ол тоқтатылды.

Жаңалықтар
0