9 қарашада не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
9 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Бүгінде әлемде Халықаралық фашизмге, нәсілшілдік пен антисемитизмге қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күні "Хрусталь түні" деп аталып кеткен зорлық-зомбылық – 1938 жылы Германияда еврейлерді жаппай өлтіру оқиғасы еске алынады. Қаралы түнде Холокост – еврейлерді жаппай қыру басталды. Холокост жылдары 6 миллионға жуық еврей зардап шекті. Ұлттар үстемдігі саясаты өзінің дәрменсіздігін дәлелдеді, бірақ бүгінгі күні үлкен ғаламдық проблема исламофобия болып отыр. Басқа адамдар бізге ұқсамауы мүмкін, бірақ ұлттың құқығын шектеудің неге әкелетінін әрқашан есте ұстау керек. Бүгінгі күннің ұраны –"Ешқашан қайталанбасын!".
Бүгін сондай-ақ Халықаралық ядролық қаруға қарсы акциялар күні аталып өтеді. "Біз радиациясыз болашақты таңдаймыз!" деген ұранмен бүкіл әлемде 9 қарашада Халықаралық ядролық қаруға қарсы акциялар күні өтеді. Экологтар мен басқа да мүдделі азаматтар бұл күні әртүрлі қалаларда атом энергиясын дамытуға қарсы тұрып, олардың қауіпсіздігін жақсарту үшін пикеттер, шерулер мен акциялар ұйымдастырады.
Күздің бұл күні Испаниядағы Баэна қаласының тұрғындары бүкіл Еуропаның туристерімен бірге егін жинау науқанының аяқталуына орайластырылған зәйтүн фестивалін атап өтеді. Андалусиядағы бұл шағын қала зәйтүн майын өндіруден әлемдік көшбасшылардың бірі саналады, бұл жеміссіз Жерорта теңізі тағамдарын елестету мүмкін емес.
Мол өнімнің құрметіне ән айтылып, би биленеді, халықтық серуендер өтеді, мұндай сауық-сайран – фестивальдің ажырамас бөлігі. Ал әрбір турист қаланың қақ ортасында орналасқан Зәйтүн мұражайына баруға міндетті. Бұл жерде сіз зәйтүнді өсіру мен жинаудың қыр-сырымен танысып, зәйтүн майын өндіру процесін өз көзіңізбен көре аласыз.
9 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:
1911 жылы Францияда неон жарнамасы патенттелді;
1923 жылы Адольф Гитлер басшылық жасаған Мюнхендегі "Сыра путчы" басып-жаншылды;
1927 жылы Қытайда алып панда табылды;
1994 жылы Германияда алғашқы химиялық элемент – Дармштадтий синтезделді.
9 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1945 жылы А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры құрылды;
1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің мұражайы алғашқы келушілерді қабылдады, оның қорында төрт мыңнан астам экспонат бар: құжаттар, марапаттар, жеке заттар, фотосуреттер, бірыңғай формалар;
1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан назарбаевтың Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке "Халық Қаһарманы" атағы берілді;
2004 жылы Астанада "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқауы өтті. 100-ден астам отандық кәсіпорын қатысты;
2005 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан "Венера-Экспресс" еуропалық ғарыш аппараты бар "Союз-ФГ" зымыран тасымалдағышы ұшырылды.
9 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:
— 1818 жылы орыс жазушысы, ақын, публицист, драматург, аудармашы Иван Тургенев дүниеге келді. XIX ғасырдың екінші жартысында орыс әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан классиктердің бірі;
— 1885 жылы Ресей ақыны және прозалық жазушы, орыс авангардының ұлы тұлғаларының бірі Владимир Хлебников дүниеге келді. Ол – орыс футуризмінің негізін қалаушылардың бірі, поэтика тілінің реформаторы.
— 1936 жылы шахматтан сегізінші әлем чемпионы Михаил Таль дүниеге келді;
— 1939 жылы қырғыз киноактері, суретші, Қырғыз КСР-інің және КСРО-ның халық әртісі, Қырғыз КСР-інің халық суретшісі Сүйменқұл Чокморов дүниеге келді;
— 1951 жылы баскетболдан 1972 жылғы Олимпиаданың чемпионы Александр Белов дүниеге келді. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1972). Мюнхендегі Олимпиада ойындарының финалында АҚШ-қа қарсы ойынның соңғы секундында гол салып, КСРО құрамасына жеңіс сыйлады.
9 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді:
— 1948 жылы V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Оңалсын Жұмабеков дүниеге келді;
— 1956 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Амантай Құренбеков дүниеге келді;
1959 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев дүниеге келді;
— 1980 жылы шахматшы, халықаралық шебер, шахмат қайраткері, жаттықтырушы Индира Бабатаева дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Мерген белгісінде орналасады. Бұл күні сіз көптеген қиындыққа тап келіп, оларды оп-оңай еңсересіз. Көптен бері жоғалтып алған адамыңызды кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін, бұл кездесу үлкен қуаныш әкеліп, сіздің алдағы өміріңізді түбегейлі өзгертеді.