Әлем

Өзгенің әйелімен суретке түскен 24 жастағы футболшы қор болып өлді

© Photo : PexelsТелефон, иллюстративті фото
Телефон, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Спортшы бойжеткеннің үйіне сауық кешке келіп, оның ұйықтап жатқан анасымен селфи жасаған

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Бразилиялық футболшы Даниэль Корреа төсекте ұйықтап жатқан әйелмен селфи жасаймын деп ажал құшты. Бұл туралы Mirror хабарлады. 

24 жастағы футболшыны 18 жастағы бойжеткен туған күніне шақырған. Түнгі клубтан шыққан жастар сауық кешті туған күн иесінің үйінде жалғастырады.

Әйел, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Әйел қансырап жатқан күйеуімен бірге селфи жасап, таныстарына жіберген

Даниэль Корреа қыздың ата-анасының жатын бөлмесіне кіріп, анасын көреді. Футболшы алаңсыз ұйықтап жатқан әйелмен селфи жасап, достарына "әкесі жоқта анасын құшқысы келетінін" айтып, мақтанады.

Бірер сәттен кейін бөлмеге әйелдің 38 жастағы күйеуі Эдсон Бриттс кіріп келген. Ол футболшы әйелімді зорламақ болып жатқанда үстінен түстім дейді. Бриттс спортшыны ұрып өлтіріп, мәйітін орманға алып барған, содан соң тамағынан орып жіберіп, жыныс мүшесін кесіп алған, деп жазды korrespondent.net. 

Үй иесі әйелінің айқайлағанын естіп, Корреаға бас салғанын мойындады. Полиция сондай-ақ қылмысты жасыруға көмектескені үшін әйелі мен қызын тұтқындады. Жігіттің әйелмен жыныстық қатынасқа түскен-түспегені әзірге белгісіз.


Жаңалықтар
0