Қоғам

"20 градус аяз және боран". Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚар мен оқушы
Қар мен оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Баренц теңізі аудандарында қалыптасқан суық атмосфералық фронттармен Қазақстанға арктикалық ауа массалары келеді. Соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, алдағы үш тәулікте керісінше төмендейді және әдеттегі нормадан 3, 8°С төмен болады.

Күн салқындап қана қоймай, жауын-шашын, қар, тұман мен көктайғақ болады. Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, күн қатты суытады.

Солтүстік батыстан күшті жел соғып, түнгі температура 10-15 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде ауа температурасы минус 20 градусқа дейін жетіп, аяз болады.

Жаңалықтар
0