Қоғам

Астанадағы элиталы мектептен шетелдік қылмыскер мұғалім қуылды

© Photo : pixabayМұғалім
Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушыға қатысты орынсыз әрекет жасаған мұғалім Қазақстаннан шығарылды

АЛМАТЫ, 7 қараша — Sputnik. Астана қаласындағы QSI (Quality Schools International) халықаралық мектебінің мұғалімі оқушыға қатысты "орынсыз әрі кәсібилігіне жат" әрекет жасағаны үшін жұмыстан қуылды. Бұл ақпаратты тілшісіне білім ордасының жетекшілігі растады. 

Жағдай Алматыға студенттік сапар кезінде болған. Қазіргі сәтте мектепте қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Партада отырған баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Мұғалім оқушыларды мазақ қылғаны үшін директор жұмыстан қуылды

"Қылмыстық сипатта болмаса да, ұстаздың әрекеті QSI мұғалімдерінің келісімшарты мен кодексіне қарама-қайшы болып отыр. Мұғаліммен арада жасалған келісімшарт бірден күшін жойды. Ол Алматыдан Астанаға жіберіліп, кейін 24 сағат ішінде Қазақстаннан кетті", — деді білім ордасының әкімшілігіндегілер. 

Бұдан өзге мектеп жетекшілігі педагогтың балаларға қатысты өзге де орынсыз әрекет жасап келгенін растады.

"Мұғалімнің бұрын істі болған-болмағаны жұмысқа алу кезінде стандарттық протоколмен тексеріліп, қамауға алынғаны және сотталғанына қатысты ешнәрсе табылмаған. Жағдайдың детальдары жергілікті билікке жолданды", — деді мектеп жетекшілігі.

Тағы оқыңыз: 

Білім ордасының әкімшілігі жұмыстан қуылған ұстаздың есімін нақтыламады. Алайда www.infostevemyersjackson.org сайтында Стивен Своруп Джексон туралы ақпарат жарияланған. Осы сайт мәліметінше, Джексон Астана қаласында сабақ беріп жүріп 2 қараша күні студент денесіне "орынсыз қол тигізген".

Сайтты Джексонның бұрынғы әріптестері мен сексуалдық сипаттағы зорлықтың құрбаны болған студенттер жасап шығарғаны белгілі болды. Осы порталда жарияланған ақпарат бойынша, Стивен Джексонның есімі бұрын Стивен Мейерс болған. Сондай-ақ, сайтта тегін өзгерткені туралы анықтама да тұр.

Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Мұғалім оқушының маңдайына "жынды" деп жазып жатқанда күтпеген оқиға болды

Сайт ақпараты бойынша, "кәмелеттік жасқа толмағандарға бірнеше мәрте сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені және қылмыстары туралы ақпарат" уақыты өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарынан басталады.

Сайтта бүлдіршіндерді азғырғаны үшін 70-80-жылдары жауапкершілікке тартылғаны туралы да жазылған.

Бұдан өзге Джексонның бастан кешкен оқиғалары туралы британиялық Guardian газеті жазған. Мақалада оның АҚШ территориясында жазаланбауына жәбірленуші тараптан шағымның кеш түсуі себеп болғаны туралы да айтылады. Соңғы екі он жылдықта ол әлемді аралап, мұғалім болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ, мақалада 2011 жылы Джексонның Лондон колледждерінің бірінде студентке орынсыз тиіспек болғаны үшін жұмыстан қуылғаны туралы жазылған.

Жаңалықтар
0