Өңірлер

Зайсанда өскемендік такси жүргізушіні өлтіріп кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны такси жүргізушіні өлтірді деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ, 6 қараша — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында қазанның 30-ынан 31-іне қараған түні үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған такси жүргізушінің мәйіті табылды. Облыстық полиция департаменті Алтай Қалиевты өлтіріп кеткенін хабарлады.

Такси - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскеменде үш жігітті мінгізген такси жүргізуші сан соғып қалды

Туыстары Алтай Қалиевтың жоғалғаны туралы арызды марқұм үйіне оралмаған күннің ертесіне жазған. Дереу іс қозғалып, полицейлер іздеуге кірісті. Өскеменнің 55 жастағы тұрғынының денесі Зайсан қаласынан табылғаны туралы бүгін, 6 қарашада белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

"Қазіргі сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ал із-түзсіз жоғалу дерегі "Кісі өлтіру" бабына ауыстырылды", — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Тергеушілер Алтай Қалиевты қалай өлтіргені туралы ақпарат таратпай отыр, алайда қылмысты жасады деген күдікті ұсталғанын хабарлады. Ол 25 жастағы жігіт екені және бұрын сотқа тартылмағаны белгілі болды.

 

Тергеу жалғасып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды.


Жаңалықтар
0