Оқиға

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қамауға алынды

© PhotoҚолына кісен тағылған адам
Қолына кісен тағылған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серік Аманғалиев мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып отыр

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда 6 әкім ұсталды
Ақтау қаласы мамандандырылған тергеу сотының 5 қарашадағы қаулысымен Серік Қалешұлы Аманғалиев екі айға қамауға алынды. Оған мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқару қызметінің мүддесіне қарсы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылған. 

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Аманғалиев 3 қараша күні сағат 18.40 шамасында Ақтау халықаралық әуежайының аумағында ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері облыс әкімінің бірінші орынбасарынан 115 000 еуро тәркіледі. 

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-тармақшасы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0