Спорт

Ашхабадта Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуАуыр атлетика
Ауыр атлетика - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Надежда Лихачева әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Надежда Лихачева Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында 71 килограмм салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Prosports.kz.

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Илья Ильиннің карьерасына қауіп төнді: ол әлем чемпионатына қатыспайды

Отандасымыз 112 килограмды жұлқа көтеріп, кіші күміс медаль алды. Ол 115 келі көтерген Қытай спортшысына ғана есе жіберді. Ал үздік үштікті мысырлық ауыр атлет түйіндеді. Нәтижесі – 111 килограмм.

Алайда Надежда серпе көтеру жаттығуын сәтсіз бастады. Алғашқы мүмкіндігінде 130 килограмға тапсырыс беріп, қателік жіберді. Сөйтіп, бұл салмақты екінші мүмкіндігінде ғана көтере алды. Бірақ үшінші мүмкіндігінде 136 килограмға шамасы жетпеді. 

Қос жаттығудың қорытындысы бойынша Лихачева 242 килограмды көтерді. Бұл нәтиже оған әлем чемпионатының қола жүлдегері атануға мүмкіндік берді. 

Бас жүлдені 267 килограмм (әлемдік рекорд) көтерген Қытай спортшысы, күміс медалді Египет спортшысы (252) жеңіп алды.  


Жаңалықтар
0