Қоғам

"Күтпеген жерден..." Астанада тағы екі жүкті әйел көз жұмды

CC0 / pixabay.com / Жүкті әйел, архивтегі фото
Жүкті әйел, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жыл басынан бері жеті жүкті әйел қайтыс болды

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Астанада бір аптаның ішінде екі жүкті әйел қайтыс болды. Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мәлімдеді, деп хабарлайды

Алғашқы қайғылы оқиға 31 қазанда, екіншісі 4 қарашада болған. 

Стақан - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтауда жүкті әйел байқамай сірке суын ішіп қойды

"1986 жылы туған жүкті әйел үйде күтпеген жерден көз жұмды. Жүктілік мерзімі қалыпты жағдайда өткен. Тек сойып тексеру кезінде туа біткен ми патологиясы бар екені анықталды, өмір бойы ондай диагноз қойылмаған", — деді брифингте Әлия Рүстемова. 

Екінші әйел ауыр халде ауруханаға түскен. Рүстемованың айтуынша,1980 жылы туған әйел жүктілікті тоқтату үшін дәрі ішкен. 

"Республикалық клиникалардың барлық қызметі мен мамандары тартылды. Медициналық көмек толығымен көрсетілді, соған қарамастан әйел қайтыс болды", — деді ол.

Әйел жүктілігін туыстарынан жасырған. Ол бірде-бір емханаға тіркелмеген болып шықты. Жүктілігі бойынша есепке алынбапты, медициналық ұйымдарға қаралмаған.

"Сойып тексеру нәтижелері гистологиялық сараптамадан кейін жарияланады. Полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр", — деп түйіндеді Әлия Рүстемова.

Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің мәліметі бойынша, 9 ай ішінде Астанада128 жаңа туған нәресте шетінеген.


Жаңалықтар
0