Әлем

Жұмбақ фото: желі қолданушылары суретте жасырынған бұғыны таба алмай аң-таң

CC0 / Gerhard Gellinger / Күзгі ормандағы бұғы
Күзгі ормандағы бұғы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жануардың табиғатпен үйлесіп кеткені сонша, тіпті ажырату мүмкін емес

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Шотландия тұрғыны күзгі табиғатты суретке түсіремін деп, нағыз фото-иллюзия жасапты. Ол жұмбақ суретті Twitter желісінде жариялаған.

​Шотландиядық Мик Мерфи Кинлочлвен ауылына жақын жерде саябақта қызымен қыдырып жүріп, екеуі күзгі табиғаттың көрінісін суретке түсіреді.

Үйге келіп кадрларды қарап отырғанда, кішкентай қыз суреттегі бұғыны байқап қалған. Алайда жануардың табиғатпен үйлесіп кеткені сонша, бірден аңғару өте қиын.

Мик суретті желіге салып, қолданушыларға фото-жұмбақ жасырды. Фото тез тарап жұрттың қызу талқысына түсіп жатыр.

Жаңалықтар
0