АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Футболдан Нидерланды чемпионаты аясындағы ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан жалаңаш қыздың кесірінен матч тоқтатылды, деп жазды "Р-Спорт".
Оқыс оқиға сенбі күні "Райнсбургсе Бойз" — "Амстердам" (2:6) матчында болған.
AD басылымы хабарлағандай, алаңға жүгіріп шыққан қызды тоқтатуға ешкім әрекет жасамаған.
Video: Gisteren tijdens Rijnsburgse Boys — AFC. 03-11-2018!. #rbbafc #rijnsburgseboys #TweedeDivisie pic.twitter.com/ob2hhGvGHc
— Ultrassnl (@ultrassnl) 4 ноября 2018 г.
Жеңілген команданың футболшысы Джоэл Тиллема Omroep West Sport-қа берген сұхбатында бұл оқиға жымиюға жалғыз себеп болғанын мәлімдеді.
"Бірақ мен өзімді ұстауға тырыстым – мүмкін әйелім көріп отырған шығар", — деді ол.
Видеодан тыныштықты бұзған қыздың стадионнан өз еркімен кетіп қалғанын көруге болады.