Спорт

Головкинге Хабиб немесе Макгрегормен жекпе-жекке шығу ұсынылды

Жазылу
НовостиTelegram
Геннадий Головкин UFC чемпиондарына қарсы жекпе-жекке шыға алатынын мәлімдеді

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге TMZ Sports америкалық телеарнасының тілшілері күтпеген сұрақ қойды. Спортшы АҚШ әуежайында ұлымен бірге бақылаудан өткелі жатқан болатын.

Аяқ астынан болса да, Головкин камера алдында сұрақтарға еш қиналмай, сабырмен жауап берді.

Қазақстандық айтқандай, келесі жекпе-жек кімге қарсы болатынын әлі білмейді және кіммен жұдырықтасса да, оған бәрі бір.

Сол кезде тілші Головкиннен ММА файтерлері, мәселен, Хабиб немесе Макгрегормен ринге шығуға бел буар ма едіңіз деп сұрады.

"Иә, екеуі де мықты. Жекпе-жекті көрдім, жақсы кездесу болды. Қайсымен шығар едіңіз дейсіз бе? Екеуімен де", — деп езу тартты Головкин.

Мұндай кездесу Ресейде өтер ме еді деген сұраққа Головкин "Неге болмасқа?" деп жауап беріп, тілшімен қош айтысты.

"Сіз аңыз адамсыз. Жолыңыз болсын!", — деп артынан айғайлады TMZ тілшісі.

Жаңалықтар
0