Өңірлер

Қазақстанның үш облысында бұрқасын соғады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуБұрқасын
Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым аумағында қар жауады, үш өңірде бұрқасын соғады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің сайты. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, желдің екпіні күндіз 25 м/с-ке дейін барады. Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кейбір аймақтарда бұрқасындатып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында – тұман, көктайғақ, жел. 

Жамбыл облысында да тұман түсіп, жел тұрады. 

Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. 

Павлодар, Қарағанды облыстарында – тұман, көктайғақ. 

Батыс Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жауын-шашын, бұрқасын және көктайғаққа қарамастан, республика бойынша ауа температурасы —3 градустан төмен болмайды. 

Бүгін ауа температурасы +4 градустан – 3 градусқа дейінгі аралықта болады деп болжанып отыр. 

  • Астанада – минус 1 градус
  • Алматыда – 0
  • Шымкентте – минус 1 градус.

Жаңалықтар
0