Видео

Баламен үйде отырған келіншектер бас қосып, үнді салтымен ойын-сауық құрды - видео

Жазылу
Астанада Болливуд стиліндегі мерекелік кешке жүзден астам жас ана қатысты. Декретте отырған елордалық келіншектер үндіше ойын-сауық ұйымдастыруды жөн көріпті. Кештің видеосы YouTube желісінде жарияланды

Инстаграм желісі арқылы келіншектердің бас қосуын елордалық дизайнер Гүлнұр Иманова-Латып ұйымдастырыпты. Оның бұл идеясын жүздеген әйел қолдаған.

Қатысушылардың бірінің сөзіне сүйенсек, мереке үшін Астанаға Қарағанды, Алматы, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларынан қонақтар арнайы келді.

Bollywood party кешіне 130 әйел қатысқан. Олардың басым көпшілігі үнді киімін киіп, қынамен боянған.

Кеш бойы үнді әуендері үзілмей, залдың безендірілуі, тәтті-дәмділердің бәрі Үндістан елін еске салды. Қатысушылар флешмоб жасап, үнді биін биледі.

Ұйымдастырушылар осындай кештерді әртүрлі тақырыпта өткізіп отыруға уәде береді.

Жаңалықтар
0