АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Kaspi Bank-тің басшысы Михаил Ломтадзе салымшыларына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгін 3 қараша, сенбі. Көп адамға менің қалада жоқ екенім, банкте қандай да бір қиындықтар туындағаны туралы хабарлама келіп жатыр екен. Мен кеңседемін, жұмыс істеп жатырмын. Келесі аптада бізде тамаша презентация болады, соған дайындалып жатырмыз. Барлықтарыңызға шын жүректен уақытты жақсы өткізуді тілеймін", - дейді Ломтадзе.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Каспий банктің" басшылары кетіп қалған, тезірек ақшаны шешіп алыңыздар" деген хабарлама тарап, ел дүрліккен еді. Көп ұзамай банктің атқарушы директоры Маржан Елшібаева фейсбуктегі парақшасында бастығының газетпен түскен суретін жариялап, көптің қорқынышын сейілтті.