Қоғам

Астанада танымал экс-шенеунік сөмкеден ақша ұрлап, масқара болды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСотталушы, архивтегі фото
Сотталушы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Мусинге таныс келіншегінің сөмкесінен 2 миллион теңгеге жуық ақша ұрлады деген айып тағылды

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Бұрынғы Спорт және туризм министрлігінің жауапты хатшысы болған азамат 4 жылға қамалуы мүмкін.

 Экс-шенеунікке таныс келіншегінің сөмкесінен 2 миллион теңгеге жуық ақша ұрлады деген айып тағылып жатыр.  Өзі оны мойындаған жоқ. Алайда әлгі әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады КТК.

Жолаушылар ұшақ салонында отыр - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Ішімдікті аузыма алған емеспін". Ұшақта шу шығарып, қызметінен қуылған шенеунік ақталды

Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінде болған. Жапа шегуші Айсұлу Жачина, оның құрбысы және экс-шенеунік Қобыланды Мусин барлығы бірге отырады. 

Бақылау камерасынан белгілі болғаны, Мусин жалғыз қалған сәтте жанында тұрған сөмкеге қолын созып, ішінен ақша алады. Жапа шеккен тарап, 1 миллион 800 мың теңгенің қолды болғанын айтып отыр. 

Сот барысында сол материалдық шығынынан бөлек, тағы 7 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Ал тарап кеткен спорт және туризм министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Мусиннің өзі соңында дастарқанның есеп-шотын төлер кезде ақшам жетпей қалып, қыздардан қарызға бар-жоғы 4 жарым мың теңге алдым дейді. Сөйтіп, тағылған айыппен келіспей отыр. 

"Мусин 25 маусым күні мейрамханада Жачинаның сөмкесін қараусыз қалдырғанын көріп, ішінен 1 миллион 800 мың теңгені алған. Мұны тергеушілер анықтады.  Сондықтан оны дүние-мүлкін тәркілемей-ақ, 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", — деді мемлекеттік айыптаушы Еркеғали Зәкіров.


Жаңалықтар
0