Өңірлер

"200 адам төбелеске шықты" Полиция Ақтөбедегі "разборкаға" қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтуЖаппай төбелес
Жаппай төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына келген полицейлер ешқандай да кастет пен бита таппаған

АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Полицейлер Ақтөбеде кастет, бита және пышақпен қаруланған жастар "разборкаға" шықты деген ақпаратты жоққа шығарды. 

Жаппай төбелес, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның батысында мұздай қаруланған 200 студент "разборкаға" шықты
Бұған дейін жергілікті басылым екі жүзге жуық студент қала ортасында төбелес ұйымдастырмақшы болды деген ақпарат жариялаған еді. Хабарланғандай, кейбір жастардың көлігінен пышақ, бита және кастеттер табылған. 

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, өткен дүйсенбі күні кешке полицейлер жастар жиналған жерге аттанған. Тәртіп сақшылары жігіттер отырған иномарканы тексереді. Олардың бірінен пышақ табылды, алайда ешқандай бита, кастет немсе басқа да тыйым салынған заттар болған жоқ, деп сендірді полиция департаменті. 

Көлік салонында отырған адамдардың бәрі полиция бөліміне жеткізілген. Студенттер басқа заң бұзушылық жасамағандықтан, үйлеріне жіберілді. 

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алумен үнемі айналысатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0