АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. 31 жастағы Рафаэль Кеннеди ұлы Диланды ұрып өлтіргені үшін 24 жылға сотталды.
Ұлыбританияда Нортгемптон қаласының тұрғыны Рафаэль Кеннеди екі жасар Диланның әкесі екенін бала өлгенге дейін 10 апта бұрын ғана білген. Оның бұрынғы сүйіктісі Тейлор Тиффин басқа еркекпен тұрып жатқанына біраз болыпты, алайда сараптама нәтижесінде баланың биологиялық әкесі Кеннеди екені анықтаған. Содан соң ер адам баласын үйіне жиі алып кететінді шығарған. Диланның 19 жастағы анасы ол жақтан баланың денесі үнемі көгеріп қайтатынына мән бермеген, деп жазды life.ru.
2017 жылдың 15 желтоқсанында Кеннеди жедел жәрдемге қоңырау шалып, баласы тыныс алмай жатқанын хабарлаған. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған, алайда құтқара алмайды.
Кеннеди бала шырын ішкеннен кейін есінен танып, құлап қалды деп ақталмақ болыпты. Денесін далада ойнап жүріп көгертіп алды деп түсіндірген.
Алайда мәйітті сойып тексеру кезінде Диланды ұзақ уақыт және аяусыз ұрып соққаны анықталды. Дәрігерлер баланың 13 қабырғасы сынып, бауыры езіліп кеткенін, құрсақ қуысына көп қан жиналғанын хабарлады. Сондай-ақ баланың қанынан кокаин табылған. Әкесі баланы өлер алдында осылай тыныштандырмақ болса керек.
Сотта Диланды аман алып қалуға барын салған дәрігер баланы кем дегенде бір сағат бұрын әкелгенде, оны құтқаруға болар еді деп мәлімдеді. Бірақ әкесі қылмысты жасыруға тырысып, баланың өмірін ойрандаған.
Жоғалып кеткен Атырау тұрғынын қыздары өлтіріп тастаған болып шықты
Бір айта кетерлігі, Рафаэль қылмыс жасардан бұрын ұлының күліп отырған суретін оның анасына жіберген. Қазір тергеушілер бұл сурет қашан түсірілгенін анықтап жатыр. Бала есірткінің әсерінен күлген болуы мүмкін деген болжам жасалуда.
Кеннедидің пәтерінен героин, кокаин, марихуана, сондай-ақ жергілікті нашақорлардың бәрі білетін телефон табылды – бала өлтіруші есірткі саудасымен айналысқан.