Қоғам

Қазақстанда бірнеше судья пара алды деген күдікке ілінді - видео

© Sputnik / Болат Шайхиновпара, жемқорлық
пара, жемқорлық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәл қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр

АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанда бірнеше судья пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Судья сотталушының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішіне оң қарағандығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", — деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова. 

Мұнымен қатар, ШҚО-да аудандық соттың судьясы ұсталды. 

"Тергеу заңсыз балық аулаумен айналысқан тұлғадан әкімшілік материал бойынша қайықты тәркілемеу үшін пара алды деген күдік бойынша жүргізіліп жатыр", — деді Бастарова. 

Бұдан бөлек, Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының төрағасы да пара алды деген күдікке ілінді. Дәл қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оған азаматтық іс бойынша атқару парағын беру үшін пара алды деген айып тағылды. 

Жаңалықтар
0