2 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
2 қарашада қандай қызық оқиғалар болды
Бүгін – Халықаралық журналистерге қарсы қылмыс үшін жазасыздықты тоқтату күні. Бұл күн Малидегі қарулы қақтығыс туралы хабар таратқан екі француз журналисі – Гислене Дюпоне мен Клоде Верлоненің құрметіне таңдалған. 2013 жылы 2 қарашада оларды содырлар ұрлап әкетіп, өлтірген болатын. Бұл қылмыс қоғамды дүр сілкіндіріп, БҰҰ баспасөз өкілдеріне зорлық-зомбылық жасау мен міндетін орындауға кедергі келтіруді айыптайтын құжат қабылдады. Өйткені халықаралық гуманитарлық құқық бойынша қарулы қақтығыс аумағында қызмет ететін БАҚ өкілдері қорғалуы тиіс әрі қақтығысушы тараптар оларды құрметтеуге міндетті.
2011 жылдан бастап жыл сайын 2 қарашада Халықаралық Петербургті тану күні тойланады. Бұл қалаға сүйсінбеу мүмкін емес, себебі онда көздің жауын алатын тарихи ескерткіштер, музейлер мен сарайлар өте көп. Бір рет осы қалаға келсеңіз, сұлулығына мәңгі ғашық боласыз.
Бүгін Ресейде соңғы уақытта кең танымалдыққа ие болған ерекше мереке – Құстарға сұлы печеньесін беру күні аталып өтеді. Қалалық "хипстерлер" қозғалысы ойлап тапқан бұл мейрам шын мәнісінде көне славян дәстүрін еске салады. Өйткені славян мифологиясы бойынша құстар ата-бабалар рухы болып есептелінеді, сондықтан белгілі бір күндері оларға жем мен нан беріп, құрмет көрсетілген. Ал сұлы печеньесі – жылу мен қамқорлықтың символы болып саналады, сондықтан осы мерекенің негізін қалаушылар құстарға сұлы печеньесінің қоқымын беруді жөн көреді.
2 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1937 жылы Мәскеудегі Кремльдің бес мұнарасына лағыл жұлдыздар орнатылды;
1903 жылы "The Daily Mirror" ағылшын газетінің бірінші нөмірі жарық көрді;
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс: Ресей Түркияға соғыс жариялады;
1947 жылы әлемдегі ең кең қанат жайған (97,51 м) ұшақ ұшырылды.
2 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1928 жылы Адай округінің атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Шәбден Ералиев жұмбақ жағдайда көз жұмды (болжам бойынша, суға кеткен);
1947 жылы "Теміртау жұмысшысы" газеті жарық көрді. 1960 жылға дейін орыс және қазақ тілдерінде шыққан;
1999 жылы Семей университетіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, университет ғимаратының алдына ескерткіші орнатылды;
2006 жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болып сайланды;
2009 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласында Словакия Республикасының Құрмет елшілігі ашылды.
2 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар
1755 жылы Франция королевасы, император Франц I мен Мария-Терезияның кенже қызы Мария-Антуанетта дүниеге келді. Франция королі Людовик XVI әйелі;
1815 жылы математик, математикалық логиканың негізін қалаушы Джордж Буль дүниеге келді;
1947 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, дубляж шебері Наталья Гурзо дүниеге келді. РФ-ның еңбек сіңірген әртісі (1994). Эльдар Рязановтың "Гараж" комедиясындағы рөлімен көпшілікке танымал;
1981 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, жұптық сырғанаудан олимпиада чемпионы (2006 жылы Максим Марининмен бірге) Татьяна Тотьмякина дүниеге келді. Екі дүркін әлем чемпионы (2004, 2005), бес дүркін Еуропа чемпионы (2002-2006). Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері.
2 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді
1841 жылы қазақтың ұлттық ағартушысы, ұстаз, білім беру саласындағы қоғам қайраткері, ақын Ыбырай Алтынсарин дүниеге келді;
1943 жылы сыншы, әдебиеттанушы, эссе жанрындағы жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жазушылар одағы мүшесі Бақыт Кәрібаева дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бұл ең бір нәтижелі күн болмақ, әсіресе Жаңа жыл түні тілеген армандарыңыз орындалады. Бүгін барлық нәрсенің орайы келіп тұр, дегенмен сабыр сақтап, өз-өзіңізді ұстауға тырысыңыз, бәріне бірден қол жеткізу оңай емес.