Экономика

Сарапшы зейнетақы қорын қаржы пирамидасымен салыстырды: Ақышев не дейді?

© Sputnik / Тимур БатыршинҰлттық банк басшысы Данияр Ақышев
Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк төрағасы сарапшыны сотқа беруге құқығымыз бар деп отыр

АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев сарапшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қаржы пирамидасымен салыстыруына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы өседі

Мәжіліс кулуарында журналистер Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтан "БЖЗҚ-ны қаржы пирамидасымен салыстырған сарапшыны сотқа бересіздер ме?" деп сұрады. 

"Біз қазір бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Сарапшының сөздерінде шындыққа жанаспайтын ақпарат бар. Ол зейнетақы қорының ақшасы банк секторын сауықтыруға жұмсалған деген сияқты деректер, сондай-ақ кірістілікке қатысты цифрлар келтірген. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Егер сарапшы өз айтқандарын жоққа шығармаса немесе тиісті есеп ұсынбаса, біздің сотқа жүгінуге құқығымыз бар", — деді Ақышев.

Бұған дейін ұлттық экономика министрлігі сарапшылық кеңесінің мүшесі Айман Тұрсынқан бес жылдан кейін БЖЗҚ-да ақша қалмайтынын айтқан еді. Сарапшы зейнетақы қорын қаржы пирамидасымен салыстырды.


Жаңалықтар
0