Экономика

"Логика қайда?" Депутат министрден көмек алатындардың неге азайғанын сұрады

© Sputnik / Владислав ВодневБала, архивтегі фото
Бала, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Омарбекованың айтуынша, биыл табысы төмен азаматтар саны артқан, алайда әлеуметтік көмек алушылар қатары, керісінше, азайып отыр

АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санының неге азайғанын түсіндіруді сұрады, деп хабарлайды тілшісі.

Әйел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"7-20-25": екі миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі екі есеге ұлғайған. Алайда мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны, керісінше, екі есеге азайып отыр. 

"Бағдарламаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекке 41 миллиард теңге көзделген. Бұл ретте біз атаулы әлеуметтік көмекті алушылар контингенті 2,3 есеге, едәуір азайғанын көріп отырмыз. 2018 жылы 1,6 миллион адамнан 2019 жылы 670 мың адамға дейін азайған. Мұның өзі оң фактор болып табылады. Өйткені ол халық табысының ұлғайғанын көрсетеді", — деді Омарбекова мәжілістің жалпы отырысында.

Алайда, оның айтуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі осы жылдың екінші тоқсанында, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, шамамен 2 есеге ұлғайған. Статистика комитетінің деректері осылай дейді. 

"Бұл халықтың нақты табысының төмендегенін байқатады. Осылайша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі екі есеге ұлғайып отыр, ал атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны екі есеге азаюда. Логика қайда, түсіндіріп берсеңіз", — деп сұрады депутат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мұның негізгі себебін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуімен байланыстырды.

Банкнота - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі

"Өздеріңіз білесіздер, атаулы әлеуметтік көмекті табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз азаматтар алады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 2,7% болған, екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 4,7% болып отыр. Оның негізгі себебі – ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі. Биыл күнкөріс деңгейі 16 процентке, 28 284 теңгеге дейін өсті", — деді министр.

Оның айтуынша, биыл бір миллион адам атаулы әлеуметтік көмек алады деп жоспарланған, алайда қазір тек 488 мыңы алып отыр.  

"Келесі жылы біз бюджеттен 670 мың азамат үшін қаражат қарастырып отырмыз. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының бір миллион адамға жетпеуі – осы азаматтардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 процентінен асып отыр", — деді Әбілқасымова.


Жаңалықтар
0