Қоғам

Кондуктор неге мүгедектен жолақысын талап етті: Астана LRT өкілі жауап берді

Жазылу
Алматы қаласының тұрғыны елордаға келіп тап болған түсініксіз жағдайды баяндап берді. Айтуынша, кондуктор мүгедек балалар үшін жолақысын төлеуді талап еткен

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. ҚР Психоанализ ассоциациясының психоаналитигі Светлана Құдиярова "Тренинг кафе" жобасының бенефициарларын Астана қаласына қыдыртуға алып келгенде түсініксіз жағдайға тап болғанын айтты. Қоғамдық көлік кондукторы азаматтардың мүгедектік туралы анықтамасының бар екеніне қарамастан, жолақысын төлеуді талап еткен. Бұл әрекетінің себебін азаматтардың басқа қаладан келгенімен түсіндірген.

Астанада көлік картасын қайдан алуға болады? - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Астанада көлік картасын қайдан алуға болады?

"Бүгін түсініксіз жағдайға тап болдым. Астана қаласына "Тренинг кафе" бенефициарларымен бірге келдім. Автобусқа отырып, балалардың мүгедектік туралы анықтамасын көрсеттім. Ал маған кондуктор бұл анықтаманың Астана қаласында жарамсыз екенін айтады. Мұны қалай түсінуге болады? Сонда балалар Алматы қаласында жүрген кезде ғана мүгедек болып санала ма?", — дейді Светлана Құдиярова.

Қала мәслихатының шешімі бойынша, Астанада қоғамдық көлікте бес санаттағы азаматтар жеңілдікпен жүреді. Олар — мүгедектер және оларды ертіп жүретін бір адам, көпбалалы ана, көпбалалы отбасы және зейнеткерлер. Алайда Астана қаласына қыдырып келген балалардың мүгедектік туралы анықтамасының бар екеніне қарамастан, неліктен қоғамдық көлікпен тегін жүре алмағанын Астана LRT компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева түсіндірді. 

Тағы оқыңыз:

"Астана қаласында осындай жеңілдігі бар 110 мың адам тұрады. Автопарктерге субцидия төлеген кезде қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. 2017 жылға дейін жергілікті бюджеттен 1 миллиард үш миллион теңге бөлінетін. Электронды жүйе қосылғалы жеңілдігі бар азаматтар арнайы электронды картамен жүретін болды. Олар карта арқылы жолақысына төлеген ақшаны ай сайын әкімдік тасымалдаушыларға төлеп отырады", — деді Азанбаева.

Автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасы қоғамдық көлікте тегін жүреді

2018 жылдың наурыз айына дейін ата-аналар мүгедек балаларымен бірге болғанда ғана тегін жүретін. Қазір бұл тәртіп өзгерді. Себебі, кей жағдайда олар балаларын өздерімен бірге алып жүре алмауы мүмкін. Мысалы, 18 жасқа толмаған баласы ауруханада жатса.

Қазақстанда мүгедек жандарға қоғамдық көлікпен жүруде жеңілдік қарастырылған үш қала бар. 

"Ай сайын жеңілдігі бар азаматтардың базасы жаңартылып отырады. Басқа қаладан келген мүгедектігі туралы анықтамасы бар азаматтар Астана қаласының жергілікті тұрғыны болып жатқан жағдайда ғана өзіне тиесілі жеңілдікті пайдаланады. Ал уақытша қыдырып келген азаматтар жол картасын 400 немесе 1000 теңгеге сатып алып, еркін қатынай алады", — деді Науат Азанбаева.

Тағы оқыңыз:

Мұнымен қатар, қоғаммен байланыс қызметінің басшысы жолаушылардың қолма-қол 180 теңге немесе автобус есігінде жазылған нөмірге смс хат жіберу арқылы 90 теңге төлеуіне болатынын жеткізді.

Жаңалықтар
0