Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 қазан

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуХэллоуин мерекесінің символы - асқабақ
Хэллоуин мерекесінің символы - асқабақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 303-ші күн, жыл соңына дейін 61 күн бар

31 қазанда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

31 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

Қазанның соңғы күні – бірнеше мерекені тойлауға қолайлы күн.

Бүгін ата-анаға алғыс айту күні аталып өтеді. Бұл күні әсіресе өз ата-анаңа назар аудару өте маңызды. Күнделікті күйбің тіршілікте біз тіпті оларға қоңырау шалуды ұмытып кетеміз. Оларға көңіл бөліп қуантыңыз, себебі олар күн сайын сіздермен кездесуді күтіп, сағынып отырады. Сыйлық сатып алыңыз немесе бірге отырып шай ішіңіз, өйткені біздің ата-анадан жақын ешкіміміз жоқ. 

Сондай-ақ бүгін ең жағымды мереке – Қашықтықтан сезім білдіру күні. Егер сүйікті адамыңызға сезіміңізді білдіргіңіз келсе, оны әртүрлі тәсілмен орындауға болады. Біреу құшақтасқанды жақсы көреді, енді біреуге сыйлық жасау маңызды, ал басқа біреу қашықтықтан сезім білдіруден рахат табады. Бір қызығы, қыздар жігітке көбірек көңіл аударғанды ұнатады, сондықтан олар екінші жартысына қашықтықтан жиі сезім білдіріп жатады.  

Әрине, әлемнің көптеген елінде бүгін, Барлық әулие күні қарсаңында мистикалық мереке – Хэллоуин аталып өтеді.

Хэллоуинді атап өтудің көптеген қызықты дәстүрі бар. Балалар қорқынышты костюмдер киіп, көршілердің үйіне барып, америкалық фильмдердегі белгілі сөз тіркесі: "Кәмпит немесе өлім!" деп айтып, тәтті сұрайды. Хэллоуинде сондай-ақ үйді асқабақпен, жасанды өрмекші торымен және басқа да тақырыптық әшекейлермен безендіреді. Мұндай ортада қорқынышты әңгімелер айтылып, фильмдер тамашаланады. 

31 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1892 жылы "Шерлок Холмстың бастан кешкендері" кітабы жарық көрді;

1961 жылы Иосиф Сталиннің денесі Ленин кесенесінен алынды;

1985 жылы "Ария" рок тобының негізі қаланды;

2011 жылы Жер халқының саны 7 миллиардтан асты. 

31 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

 1871 жылы Біржан мен Сара арасындағы атақты айтыс өтті;

1937 жылы Семейде Қазақ КСР халық комиссарлары Кеңесінің қаулысымен педагогикалық институт ашылды;

2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Ғарыш кеңесі құрылды. 

31 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар

— 1815 жылы неміс математигі Карл Вейерштрасс дүниеге келді;

— 1835 жылы неміс химигі, Нобель сыйлығының иегері Адольф фон Байер;

— 1892 жылы шахматтан төртінші әлем чемпионы Александр Алехин дүниеге келді;

— 1922 жылы кеңес театр және кино актері, мұғалім, КСРО халық әртісі (1973) Анатолий Папанов дүниеге келді.  КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1989 — қайтыс болғаннан кейін). Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ол кеңестік "Қап, бәлем" мультфильмінде қасқырға дауыс берген; 

— 1944 жылы  кеңес және Ресей кино, театр актрисасы Раиса Раисаева дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2005);

— 1953 жылы кеңес және ресейлік орыс шансоны жанрындағы әндердің авторы-орындаушысы, Екатеринбург эстрада театрының көркемдік жетекшісі Александр Новиков дүниеге келді; 

— 1981 жылы украиналық музыкант, пианист, композитор, "Esthetic Education" тобының мүшесі, "Океан Ельзи" тобының бұрынғы мүшесі Дмитрий Шуров дүниеге келді. 

31 қазанда Қазақстанда кім туды

— 1938 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Платиновый Тарлан" тәуелсіз сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасян дүниеге келді;

— 1970 жылы экономика ғылымдарының кандидаты, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі Алмасадам Сәтқалиев дүниеге келді;

— 1954 жылы Қазақстан журналистер одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаев дүниеге келді;

— 1971 жылы Ақмола облысының әкімі  Мәлік Мырзалин дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай арыстан белгісінде орналасады. Бүгін алдағы іс-әрекеттердің негізі қаланады. Қандай іргетас қаланса, бір ай солай өтеді. Сіз жоспарлаған іс-шаралардың табысты болуы тек өзіңіздің ұмтылыстарыңызға байланысты болмақ, өз мүмкіндігіңізді барынша тиімді пайдалануға тырысыңыз. 


Жаңалықтар
0