Жақында София қаласында орташа салмақ дәрежесінде кездесу өтті. Бұл жекпе-жекте Леван Шонияның қарсыласы болгар боксшысы Спас Геновтың мерейі үстем болған екен.
Бұған қатты налыған грузин боксшысы әуелі Геновқа тап береді, алайда төреші оған араша үсіп, ызаға булыққан спортшыны бұрышқа ығыстырған.
Сол кезде Шония көп ойланбастан қасында тұрған бапкеріне қол жұмсады.
Головкиннің жекпе-жегі Қазақстанда өте ме?
Бапкері де шәкіртін сабасына түсірмек болып, жағынан салып жіберген.
Леван Шония спорттық мансабында осымен жиырмасыншы рет жеңіліп отыр.