АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. "НТВ" телеарнасының журналисі Никита Развозжаев Мәскеуде өз-өзіне қол салды.
Тілші жақындары мен әріптестерімен қоштасып, әлеуметтік желідегі парақшасына хат қалдырған екен.
Жиырма бес жастағы Развозжаев "Үміттеріңізді ақтай алмадым" деп, ата-анасынан кешірім сұрады.
Әріптестері болған оқиғаны зор күйзеліспен қабылдап, марқұмның отбасына көңіл айтты.
Былтыр Никита Развозжаев тікелей эфирде соққыға жығылып, бүкіл елге танылған болатын. Журналист Горький саябағында десантшылар күнін тойлау туралы репортаж беріп тұрған сәтте мас ер адам бір-ақ ұрған.
Развозжаев 1993 жылы Саратов қаласында дүниеге келді, журналистика институтын тәмамдаған. 2016 жылдың соңынан бері "НТВ" арнасындағы "Чрезвычайное происшествие" бағдарламасын жүргізген.