Өңірлер

Қызылорда облысында студенттерге жарты жыл стипендия берілмеген

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта индустриялық-аграрлық колледждің студенттеріне қарыз толық көлемде төленді

АСТАНА, 29 қантар — Sputnik. Қызылорда облысының прокуратурасы араласқаннан кейін студенттерге шамамен төрт жарым миллион теңге (12 мың доллар) төленді.

Студенттер жатақханасының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр Қазақстанда қанша студент жатақханаға мұқтаж екенін айтты

Өңір прокуратурасы Жалағаш ауданының индустриялық-аграрлық колледжінде тексеріс жүргізді. Студенттердің жеке санатының меншік құқығы бұзылғаны анықталды. Жыл басынан маусым айына дейін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 80 студентке тиісті стипендия төленбеген. 

Прокуратура қазіргі уақытта қарыздың толық көлемде өтелгенін хабарлады. Ұйымның екі жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бұрын Атырау облысында жүзден аса студент жоғары оқу орындарында көптеген заң бұзушылық болуына байланысты екі жыл бойы көбейген стипендияны алмағаны хабарланған еді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар студенттердің әлеуметтік кепілдіктері бұзылды.


Жаңалықтар
0