Саясат

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құлаған ұшақтың бортында 189 адам болған

АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Lion Air ұшағы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Индонезияда 189 адам мінген жолаушылар ұшағы құлады

Мемлекет басшысы "Lion Air" әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Джакартадан Суматра аралына ұшып шыққан Boeing 737 MAX лайнері апатқа ұшырады. Құлаған ұшақтың бортында 189 адам болған. Оның 181-і – жолаушы, соның ішінде үш бала бар, қалған сегізі – экипаж мүшелері. Кейінірек әуе кемесінің бортында елдің қаржы министрлігінің 20 шенеунігі болғаны анықталды. 

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Индонезияның төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.

Жаңалықтар
0