Өңірлер

Қарабұлақта болған қайғылы оқиға ауыл тұрғындарын дүрліктірді

© Sputnik / Тимур БатыршинҚартаң әйел, архивтегі сурет
Қартаң әйел, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында полицейлер жас ананың қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартты

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Алматы облысындағы Қарабұлақ ауылының 21 жастағы тұрғыны жұмыс орнында көз жұмды.

Шағын дүкенге екі апта бұрын сатушы болып жұмысқа орналасқан келіншекті тоңазытқыштардың бірін ашқан кезде тоқ соққан, деп хабарлады КТК.  

Үлкен Алматы арнасында суға кеткен әйелдің денесі табылды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Кілем жуып жатып суға кетті: әйелдің денесі төрт күннен соң табылған

Марқұмның артында өзін жалғыз тәрбиелеп өсірген әжесі мен төрт жасар қызы қалды.

Зоя Юртаева немересінің қазасына кінәлінің жауапқа тартылғанын қалайды. Қартаң әйел жазықты адам марқұмның қызын кәмелетке толғанға дейін асырасын дейді, өйткені оның салғырттығынан бала жетім қалған. 

Бірақ полиция қызметкерлері оқиғадан қылмыс құрамын таппай, іс қозғаудан бас тартты.

Бұл жаңалық жергілікті тұрғындардың ашуын келтірді. Олар оқыс оқиғаға немқұрайлылық себеп болды деп есептейді. Айтуларынша, тоңазытқыштар арнайы резеңке төсеніштерде тұруы керек, ал олар жұмыс істейтін желі жерге дұрыс қосылмаған көрінеді.

Ауылдықтар тоңазытқышты орнатқан адамдар қылмыстық немқұрайлылық танытты деген пікірде. Сондай-ақ, адамдар шағын дүкенде тоңазытқыш көп екенін, ал желі мұндай кернеуге шыдамайтынын айтады.

Сонымен қатар тұрғындар дүкен орналасқан ғимаратта шатырдан су ағатынын жеткізді.

Өрт сөндіруші, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда моншаға түсіп жатқан әйел балаларымен бірге тірідей жанып кетті

Дегенмен сауда орнының иесі болған жағдайға кінәлі емес екеніне сенімді. Ол шатырды таяуда жөндеуден өткізгенін алға тартып, дүкенде ешқандай заң бұзушылық жоқ деп мәлімдеді. 

Ауыл тұрғындары қайғылы жағдайды жазатайым оқиға ретінде қарастыруға қарсы шығып отыр. Олар кісі өлтірген тоңазытқышты тексеруге жіберуді сұрайды және полицияның қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімімен келіспейді.

Прокуратура әзірге бұл жағдайға араласқан жоқ. 


Жаңалықтар
0