АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Жуырда көрерменге жол тартқан "Ұлы дала баласы" комедиясының жабық көрсетілімі алдындағы баспасөз конференциясында Төреғалидің әкесі журналиспен сөзге келіп қалды. Ол журналистің сауалына жауап бергісі келмеген ұлын қорғамақ болды.
Төреғали Төреәлінің командасын әуре-сарсаңға салған оқиға "Ұлы дала баласы комедиясының" жабық көрсетілімі кезінде болды. БАҚ өкілдерінің кез келген сауалына тас-түйін дайын екенін жеткізген әнші журналистердің қарсы алдына сенімді жайғасқан еді. Бірақ хитменге қойылған сұрақтардың кейбірі әкесіне жақпай қалса керек. Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.
"Неге Төреғалиден қайта-қайта сұрап жатырсың оны? Неге қадалған жерден қан алайын деп тұрсың?!" — деп ашуланды Төреәлі Төлепов.
Тағы оқыңыз: Шу шығарған Төреғали жазаланды
Продюсерлер әр сауалды осылай бағып отырады. Мысалы, Айқын өнерде жетекшілік етпесе де, Kesh You тобының экс әншісі Жұлдыз Өмірғали өмірде отағасына бағынады. Сондықтан болар сұхбат бергенде жұбайына жиі жәутеңдейді.