Әлем

Көшеде сөйлесіп тұрған екі әйел асфальт астына түсіп кетті - видео

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуЖол, архив сурет
Жол, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркия қалаларының бірінде асфальт опырылып түсіп, екі әйел астында қалған

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik.Түркияның Диярбакыр қаласында бақылау камерасына екі әйелдің асфальт астына түсіп кеткен сәті жазылып қалған. Видео DHA ақпараттық агенттіктің YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Кадрда әйелдер көшеде әңгімелесіп келе жатқанда, аяқ астынан асфальт опырылып, екеуі жер астына түсіп кетті. Зардап шеккендерге оқиға куәгерлері көмекке ұмтылған.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, екі әйел ауруханаға жеткізіліпті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0