Мәдениет

Алматыда Мәдина Сәдуақасова жол апатына түсті — видео

© Sputnik / Болат ШайхиновЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Әнші сақтандыру белдігін тақса да, бетіне зақым келгенін айтты

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова Алматы қаласында жол апатына түсті. Әншінің автомобиліне қоғамдық көлік келіп соғылған. Айтуынша, дін аман, тек бетіне зақым келген. Сондай-ақ, автобуста отырған екі азамат жапа шекті.

Бала, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда 9 жасар бала бір аптада үш рет жол апатына түсті

Жол-көлік апаты 23 қазан күні болған. Оның нақты қалай болғанын және кім кінәлі екенін әншінің өзі баяндап берді.

"Алдыңғы күні көлік айдап келе жатып оқушыларды өткізіп жіберу үшін жаяу жүргіншілер жолағына келіп тоқтадым. Кенет көлігіме үлкен автобус соғылды. Соққыдан кейін пысық балалар жол патруль қызметін, жедел жәрдемді шақырып, менің жаныма жүгіріп келіп, су мен өздерінің телефон нөмірін ұсынды. Артынша сабақтарына жүгіріп кетті. Құдай сақтады. Жүргізуші ата қатты қобалжып кетті. Жолаушыға қараймын деп тоқтап үлгермей қалғанын айтып ақталды. Автобуста бір қыздың беті қанға боялып, есін дұрыс білмей тұрды. 103 нөміріне хабарласқанымда маған көп сұрақ қойды. Кейін "Расымен де, дәрігер көмегі қажет пе деген сұрақты қою үшін" ол қыздың нөмірін сұрады", — деді Мәдина Сәдуақасова.

Тағы оқыңыз:

Әрі қарай әнші сол күні өзі жедел жәрдем шақыру үшін хабарласқан диспетчер қызметіне қатты ашуы келгенін жеткізді. Айтуынша, орынсыз сұрақтар қойып, тіпті, бірден көмекке келуден бас тартқан. Әнші диспетчер қызметіне ренжісе де, жедел көмек көрсетіп, қол ұшын созған инспекторға алғыс айтты.

Алматыда автобус апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус апатқа ұшырады: 12 жолаушы ауруханада жатыр

"Келесі сөздерім 23.10.2018 жылы сағат 13:25 кезінде хабарласқан 103 диспетчеріне арналады. Мен сіздерге жол-көлік оқиғасы туралы, қыздың қансырап жатқаны, жасы, есімі, "Достық-Шевченко" көшесі деп апат болған мекенжайды айттым. Бірақ тұтқаның ар жағынан "Сіз үш аюды көріп тұрсыз ба?" және "Ол қыздың нөмірін беріңіз, біз өзіміз хабарласамыз" деген сөздерді естіген кезде қатты ашуландым. Кейін сіздермен әңгімені жол патрульдік қызмет инспекторы жалғастырды. Оларға жылдам жұмыстары үшін алғысым шексіз", — деді ол.

Диспетчер мен әншінің диалогына инспектор араласқаннан кейін жедел жәрдем қызметі оқиға орнына жылдам келген. Автобуста отырған екі адам жарақат алған. Сөз соңында әнші диспетчер қызметінен бөлек, автобус жүргізушілеріне деген ренішін жеткізді. Оларға асықпай, өздеріне тиесілі жолмен жүруге кеңес берді. Мұнымен қатар, бетіне зақым келгенін айтып өтті.

Тағы оқыңыз:

"Бойжеткен, жедел жәрдемнің диспетчері, біреудің өмірі сіздің қолыңызда тұрған болуы мүмкін. Ал сіз орынсыз сауалдар қойып, баяу сөйлеп тұрсыз! Ақыры келіп, Жансаяны ауруханаға алып кеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Оның және тағы бір автобуста отырып жапа шеккен азаматтың жағдайы жақсы болады деген үміттемін.

Автобус жүргізушілеріне: Құдай-ау, қайда сонша асығасыздар?! Ең болмаса, өзіңізге тиесілі жолмен рахаттанып жүрмейсіз бе? Жолаушыларға айтарым — жүргізушілердің мазасын алмаңыздар. Ал мен болсам аманмын, шүкір. Белбеу таққанның өзінде бетіме сәл зақым келді. Сол күні жақсы сияқты еді, бүгін қорқынышты болып тұр.

Ең бастысы, бәрі аман. Бет жазылар, осындай болып қалмайтын шығар. Темір жасалады, бәрі ұмытылады. Әрине, бас аман болсын! Бір-бірімізге мейірімді болайық, ағайын!" — деді әнші.

Жаңалықтар
0