Қоғам

Назарбаев егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі "Astana Agro Forum-2018" форумы өтіп жатыр

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Astana Agro Forum-2018" форумында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ауыл еңбеккерлеріне арнаған құттықтауын оқып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Мен де ауыл жігітімін". Назарбаевтың ауыл тұрғындарымен кездесуі – 1993 жылғы видео
Президент биыл жиналған астық тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелге экспортқа шығаруға да жететінін айтты.

"Құрметті ауыл еңбеккерлері! Аграрлық секторы дамыған Қазақстан үшін астық жинау науқаны әрдайым маңызды оқиға саналады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биылғы жиналған мол өнім сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіздің нәтижесі. 22 миллион тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, шетел нарықтарына үлкен көлемде астық өнімін экспорттауға мүмкіндік береді. Мұндай жоғары көрсеткіш Қазақстанның әлемдегі ірі астық өнімін өндіруші елдердің бірі екенін тағы да айғақтай түседі", — делінген құттықтау хатында.

Назарбаев ауыл шаруашылығында жүргізілген жүйелі реформалардың арқасында стратегиялық маңызы зор осы саланың әлеуеті мен инвестциялық тартымдылығы едәуір артқанын атап өтті. 

"Мемлекет алдағы уақытта да агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетеді. Заманауи технологияны тартуға, еңбек өнімділігін молайтуға және оны жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге жағдай жасайды", — делінген хатта. 

еліміздің бардық еңбеккерін 2018 жылғы егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады.

"Қазақстан халқы сіздердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканың өсуіне және еліміздің өркендеуіне қосқан үлестеріңізді жоғары бағалайды. Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін", — деді Елбасы.

Жаңалықтар
0