Видео

Күзгі аспанда мыңдаған құс топтасып би биледі - видео

Жазылу
Краснодар қаласының көгінде мыңдаған құстың таңғажайып биі желі қолданушыларын таңғалдырды

Куәгерлер ерекше құбылысты видеоға түсіріп алған. Мыңдаған құс топтасып, аспанда алуан түрлі өрнек салып жатыр. Олардың синхронды қимыл-қозғалысы таңдай қақтырады.

Ғалымдар торғайлардың бұл тылсым биін "мурмурация" деп атайды екен. Құстар үнемі орын ауыстырып, әр торғайға жарық түсетіндей қалықтайды. Тұжырымдардың біріне сәйкес, бұл құстардың өзара қарым-қатынасы, олар осылайша ақпарат алмасады.

Видеоны бір тәулікке толмайтын уақыт ішінде 1000-нан астам адам тамашалаған.

Жаңалықтар
0