Өңірлер

Түркістанда аудан әкімінің орынбасарын атып кетті: полиция күдіктілерді ұстады

© AP Photo / Michael ProbstШынжыр
Шынжыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облысы Төле би ауданы әкімінің орынбасарына оқ атқан екі адам Тараз қаласында қолға түсті

ШЫМКЕНТ, 24 қазан — Sputnik. Түркістан облысы Төле би ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсенбаеваны түскі үзіліс кезінде үйінің маңында атып өлтірмек болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды тілшісі.

Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Ер адам екі ұлын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады

Рабиға Бейсенбаеваға қастандық жасамақ болды деген күдікке ілінген екі азаматты облыстық криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласында ұстаған.

"Екі азамат қашпақ болған. Қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Олардың үстінен қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазір өзге күдіктілердің тұлғасын анықтау, оларды ұстау шаралары жүргізілуде", — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Рабиға Бейсенбаеваның туыстары оған жасалған қастандық алдын-ала ұйымдастырылуы мүмкін деп болжайды.

Тағы да оқыңыз: 

Жарақат алған әйел Ленгер қалалық ауруханасына жеткізілген. Аурухананың бас дәрігері Жандар Нышановтың айтуынша, Рабиға Бейсенбаеваның басына оқ жанамалап тиген, қазір жағдайы қалыпты.

Төле би ауданы әкімінің орынбасарына қазанның 23-і күні түсте жеке тұрғын үйінің маңында белгісіз біреулер оқ атып, қашып кеткен.

Жаңалықтар
0