АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Оралда бірнеше отбасының хабарлауынша, қала билігі оларды өз үйлерін тастап кетуге мәжбүрлеп жатыр.
Жарты ғасыр бұрын салынған көпірдің жағдайы мүшкіл көрінеді. Жүк көліктері өткенде әрең шыдайды екен.
Әкімдік жеке үй иелеріне түсіндіргендей, құрылыс алаңының шекарасы көпірден үш метрдей қашықтықта өтеді, яғни тура үйлердің аумағында, сондықтан мұнда тұру мүмкін емес.
Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындарға уақытша баспанаға көшуге ұсыныс айтылды. Алайда олар үйлерін тастап кетуге жүрексініп отыр. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, дұрыстап қарамаса, 70 жылдық үйлер ұзаққа шыдамайды. Оның үстіне, үйлерді тонап кетпесіне кім кепіл?
Бір жарым аптадан соң көпірді жөндеу үшін жауып тастайды, ал тұрғындар әлі не істерін білмей отыр.