Спорт

Головкиннің келесі қарсыласы кім болады?

© AFP 2024 / Frederic J. Brown Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
WBA Regular белбеуінің қазіргі иегері Роб Брант келесі жылы Головкинмен жүзбе-жүз кездесуі мүмкін

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Британ басылымы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін жазды.

Box Nation GGG-дің алғашқы жеңілісінен кейінгі қарсыласы WBA Regular белбеуінің қазіргі иегері Роб Брант болуы мүмкін деп есептейді.

Промоутерлер Головкин мен Риото Муратаның жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын, алайда жапон боксшысы Бранттан жеңіліп, белбеуінен айырылды.

Бұған дейін WBO тұжырымы бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Деметриус Андраде GGG-ді жекпе-жекке шақырған еді.

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекте алғаш рет жеңіліске ұшырады. Төрешілердің шешімі  GGG-ді WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеулерден айырды. 

Жаңалықтар
0