Қоғам

2019 жылы қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады?

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстанда ҰБТ
Қазақстанда ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаңтарда тестілеуге қатысқандардың сертификаты тек ақылы негізде оқуға жарайды

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Келер жылдан бастап талапкерлер ұлттық бірыңғай тестіні қаңтар айында да тапсыра алады. Алайда осы тестілеуден кейін талапкер ЖОО-да тек ақылы негізде оқитын болады, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Түлектер қаңтарда да оқуға түсе алады: білім министрі мәлімдеме жасады

Қаңтар айында өтетін тестілеуге өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім беру гранттарын негізгі ҰБТ тапсырғандар ғана иелене алады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге кімдер қатыса алады?

2019-2020 жылдары ЖОО-да ақылы негізде білім алу үшін орта мектептердің 11 және 12-сынып оқушыларының тест тапсыру мүмкіндігі бар. Мұнымен қатар, қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеу алдында өз білімдерін тексеріп көрудің таптырмас жолы болмақ. Яғни түлек осы тестілеуден кейін 2019 жылдың жаз айында негізгі тестілеуге қатысып, балл саны жеткен жағдайда мемлекеттік грантқа үміткер болады. Ал қаңтар айындағы тестілеу кезінде шекті балл жинаған талапкер осы кезде берілетін сертификатпен университетте тек ақылы негізде оқи алады.

Тағы оқыңыз:

Мұнымен қатар, бұл тестіні ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер тапсыра алады. Бұл тестілеуге студент өзі білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін қатысады. Егер студент ең төмен 50 балды жинай алмаса, оқудан шығарылады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында өткен тестілеуге қатысқан талапкерлер маусым айындағы ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік грантты иелену мүмкіндігінен айырылмайды. Тестілеуге қатысу үшін өтінішті ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктеріне беру қажет. Қаңтар айындағы тестілеу құны — 2 242 теңге.

Жаңалықтар
0