Өңірлер

Түркістанда ит таластырған мектеп мұғалімі адам өлтірді деген күдікке ілінді

© Photo : ДВД Алматықару, архив
қару, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан қаласында ит таластырғандар арасында жанжал туындап, оның соңы қайғылы аяқталды

ТҮРКІСТАН, 23 қазан —Sputnik. Түркістан облысы Түркістан қалалық мамандандырылған ауданаралық соты ит таластыру кезінде танысын шолақ мылтықпен атып өлтірген 30 жастағы Некрасов мектебінің мұғалімін екі айға қамауға алу туралы санкция шығарды, деп хабарлайды тілшісі. 

қару, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістан облысында фермерлер атысты: бір адам мерт болып, екеуі жараланды

Мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Әбдуәлі Қосмұратовтың айтуынша, оқиға Түркістан қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Бір-бірімен таныс тоғыз жігіт ит таластырған. Күдіктінің иті жеңіліп қалған соң ол 29 жастағы танысымен ерегісіп қалған.

Танысы мұғалімнің басын балтамен ұрып, көлігінің терезесін сындырады. Ашуланып үйінен шолақ мылтық алып шыққан күдікті жігіттің көкірек тұсынан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Жаңалықтар
0