Саясат

Сағынтаев елшілердің Қазақстанға қанша инвестиция тартқанын тексеріп отыруды тапсырды

© Sputnik / Болат ШайхиновПремьер-министр Бақытжан Сағынтаев
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет отырысында инвестиция тарту мәселелері қаралды

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елшіліктердің Қазақстанға инвестиция тарту жұмысын бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Қытай біздің саудадағы ірі серіктесіміз". Назарбаев бейнеүндеу жолдады
Сағынтаев Қазақстанның басқа мемлекеттердегі елшіліктерінің негізгі жұмысы елге инвестиция тарту екенін атап өтті. 

"Елбасы елшіліктердің жұмысына зор мән береді. Олардың негізгі қызметі елге инвестиция тарту екенін білесіздер. Сондықтан, менің ойымша, Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министрдің бірінші орынбасары –автор ескерт.), елшіліктермен бірге елге қанша инвестиция тартылып жатқанын қарап, KPI-ды көрейік. Қай елден, қай елшіліктің көмегімен қанша инвестиция келді, соны анықтайық. Әйтпесе, біз инвестиция көлемін жалпы көрсетеміз. Ал оның ішінде, мүмкін, белгілі бір елшіліктер ғана жұмыс істеп жатқан шығар. Басқа елдерден қызығушылық бар, бірақ жұмыс жүрмей жатқан шығар. Сондықтан Қайрат Құдайбергенұлы, біз мұны қарайық. Жұмыс болмай жатса, күшімізді салып, көмектесейік", — деді премьер үкімет отырысында. 

Сондай-ақ ол түрлі инвестициялық форумдар мен іскерлік кеңестерде бекітілетін меморандумдарға талдау жасауды тапсырды. 

"Қазір әр облыста инвестфорумдар өтеді, бұл жақсы, әрине. Әр өңірдің мүмкіндіктерін көрсету керек. Дегенмен сол жиындарда қол қойылатын меморандумдар немен аяқталды? Іске асырылып жатыр ма? Міне осы мәселелерге баса назар аудару керек", — деді Сағынтаев.

Жаңалықтар
0