Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қазан

© Sputnik / Павел Быков / Медиабанкке өтуқоғамдық дәретхана
қоғамдық дәретхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 295-ші күн. Жыл соңына дейін 68 күн бар.

24 қазанда не болғанын білесіз бе? 

 Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

         24 қазанда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін – Біріккен Ұлттар ұйымы күні. БҰҰ биыл 70 жылдығын атап өтіп жатыр. Бүгінде ұйым құрамында 193 мемлекет бар. БҰҰ – бітімгер ұйым, осы ұйымның жұмысының арқасында елдер арасындағы дау-жанжал, текетірестің алдын алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созады. БҰҰ эмблемасы – бидай масақтарымен қоршалған жер шары. 

Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жүйкеге тию күні аталып өтеді. "Жүйкеге тию" тіркесін ежелгі заманның дәрігерлері ойлап тапқан екен. Өйткені ақхалаттылар жүйкені музыкалық аспаптардың ішегіне ұқсатқан. 

Тағы бір қызықты мерекенің бірі – Мейірімді әрі жомарт бастықтар күні. Бұл күні жұмыстан ерте кетуге бола ма, болмай ма, басшылық сыйақы бере ме, бермей ме,  – ол жағын біз білмейміз. Десе де бастығыңызды төл мерекесімен құттықтаған абзал, бәлкім, жолыңыз болып қалар. 

Бүгін, сондай-ақ, Бүкіләлемдік дәретхана күні. Бұл мерекенің қалай тойланатыны бізге беймәлім. Тек осы маңызды дата туралы біліп жүрсеңіздер жеткілікті. Неге маңызды деген сұрақ туындап отыр ма? Себебі адам өз өмірінің үш жылын дәретханада өткізеді. Айтпақшы, осы орайда айта кететін бір қызықты факті – әлемдегі ең керемет унитаз таза алтыннан жасалған. Оны Гонконг зергерлерінің федерациясы елге турист тарту мақсатында жасапты.       

               24 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1857 жылы Англияда әлемдегі алғашқы футбол командасының негізі қаланды;

1897 жылы Санкт-Петерборда Ресейдегі алғашқы футбол матчы өтті; 

1939 жылы АҚШ-та әлемде алғаш рет нейлон шұлықтар сатыла бастады; 

1977 жылы кеңестік кең фюзеляжды "Ил-86" жолаушылар ұшағы алғаш рет сынақ ретінде ұшырылды. 

         24 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1963 жылы Байқоңырда "Р-9А" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізу кезінде, жанармай құйылған зымыранның шахталық-іске қосу құрылғысында өрт шығып, 8 адам көз жұмды; 

1996 жылы Алматыда жазушы Балғабек Қыдырбекұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды;

2000 жылы Павлодарда ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды. 

         24 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар 

1862 жылы австриялық Swarovski хрусталь империясының негізін қалаушы Даниэль Сваровски дүниеге келді; 

1911 жылы кеңестік театр, кино, эстрада әртісі, конферансье, театр режиссері, сықақшы Аркадий Райкин өмірге келді. КСРО Халық әртісі (1968). Социалистік Еңбек ері (1981). Ленин жүлдесінің лауреаты (1980);

1966 жылы ресейлік кәсіпкер, миллиардер, Чукотканың экс-губернаторы Роман Абрамович туды; 

1985 жылы ағылшын футболшысы Уэйн Рунни дүниеге келді. 

         24 қазанда Қазақстанда кімдер туды

1910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Темірбай Дарқанбаев өмірге келді; 

1948 жылы ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеге келді;

1957 жылы "Комсомольская правда-Казахстан" газетінің бас редакторы, бас директоры Асылбек Бисенбаев туды; 

1964 жылы инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев дүниеге келді. 

         Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бұл күні ашуға бой алдырмаған абзал. Тіпті сіздікі дұрыс болса да, үндемей құтылыңыз. Жалпы бүгін кез келген іспен айналысуға болады. Жеңіс те, жеңіліс те болмайды, барлығы бірқалыпты өтеді. Ішіңіз пысып кетуі де мүмкін. 

Жаңалықтар
0