Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қазан

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуҚар барысы
Қар барысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 296-шы күн. Жыл соңына дейін 69 күн қалды.

23 қазанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан біліңіз.

         23 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

1991 жылдың 23 қазанынан бастап таңғы 06:02 мен кешкі 06:02 арасында химиктер Моль күнін атап өтеді, бұл мереке Халықаралық бірліктер жүйесінде зат мөлшерінің өлшемін білдіретін бірлікке арналған.

Осы шама туралы идея алғаш рет 1980-ші жылдары The Science Teacher газетінде жарық көрді. 1991 жылы 15 мамырда Prairie du Chien (Висконсин) қаласының химия пәні мұғалімі М. Ойлер осы идеяның негізінде Моль күнінің Ұлттық қорын құрды. Кейінірек химиктер осындай мерекені атап өтуді шешіпті. Күнді таңдағанда Авогадро санына сүйенсе керек — 6,02х1023. Цифрлар мерекенің күні мен уақытын көрсетеді.

Ресейде бүгін жарнама қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл мерекенің тарихы 1994 жылдан басталады. Сол кезден бері біздің санамызда "жарнама" деген ұғым пайда болды, оған дейін пиар-менеджер, маркетолог, креатив қызметкер сияқты мамандықтар жайында көп ешкім біле бермейтін.

23 қазанда қар барысы мекендейтін елдерде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. Бұл мереке 2013 жылы Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен қар барысын қорғау туралы Дүниежүзілік форумда қабылданған болатын. Мерекенің негізін қалаушылар осы күннің көмегімен қар барысы жануарын қорғауға, олардың тіршілік ететін мекендерінің проблемаларына  қоғам назарын аударуды көздейді.

         23 қазанда әлемде қандай тарихи оқиғалар болды

1814 жылы Еуропада алғаш рет пластикалық ота жасалды;

1914 жылы Мәскеуде Щукин театр училищесі ашылды;

1985 жылы Мәскеуде рок-зертхана құрылды;

1990 жылы Горький қаласының атауы  Нижний Новгород болып өзгертілді.

         23 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1961 жылы Ермак елді мекенінің атауы Ермак қаласы болып өзгерді (қазіргі Павлодар облысының Ақсу қаласы);

1992 жылы Қазақстанның әскери доктрина және әскери құрылыс Концепциясы қабылданды;

2003 жылы Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды;

2004 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Афинада өткен XXVIII жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесіп, мемлекеттік марапаттарды табыс етті.

         23 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1920 жылы танымал итальян балалар жазушысы әрі журналист Джанни Родари дүниеге келді;

1932 жылы орыс жазушысы, "ауыл прозасының" ірі өкілдерінің бірі Василий Белов дүниеге келді;

1940 жылы бразилиялық футболшы, шабуылшы Пеле дүниеге келді.

1986 жылы британ актрисасы Эмилия Кларк (фильмдері: "Тақтар ойыны", "Терминатор: Генезис"»).

        23 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1929 жылы ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Серік Мұхамеджанов дүниеге келді;

1950 жылы Қазақстанның ғылым академиясы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Жұлдызбек Абылхожин дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бұл күні көңіліңіз құлазып, салыңыз суға кетіп, жетістіктеріңізді онша бағаламауыңыз мүмкін. Алайда оларға жете мән беруге тырысқаныңыз жөн, болашағыңыз сол шешімге байланысты болады. Дұрыс тамақтаныңыз.

Жаңалықтар
0