Өңірлер

"Сақалды апа" шетелдік басылымды сотқа бермек

© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыВнуки и правнуки очень любят играться с бабушкиной бородой
Внуки и правнуки очень любят играться с бабушкиной бородой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мухтабар Тораева көрші елдерге барғанда көпшіліктің сақалына қызыға қарайтынын айтады

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Қазығұртта тұрып жатқан "сақалды апа" өзін лаңкестік ұйымның жетекшісімен шатастырған шетелдік бұқаралық ақпарат құралын сотқа бермек. 70 жастағы Мухтабар Тораева "шетелдік баспасөз абыройыма нұқсан келтіріп, ағайын-туыстың арасында мені жерге қаратты" дейді. Тіпті, өзі айтып отырған мақаладан кейін күйзеліске ұшырап, денсаулығына нұқсан келген. Бұл туралы "Евразия" телеарнасы хабарлайды.

Түркістан облысында тұратын сақалды апа Мухтабар Тораева - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Түнде еркекке айнала ма?" Түркістандық "сақалды апа" өмірінің қалай өзгергенін айтты

Мухтабар әжейді жуырда шетелдік басылым лаңкестік ұйымның жетекшісі деп ақпарат таратқан. Сондай-ақ, олар бет-аузын түк басқан әжені ер адаммен шатастырып алған.

"Әлгі мақаланы жек көрдім. Өзім бір ауылда, қалада террористердің ортасында жүрсем мақұл. Жасым жетпіске келді. Бала-шағам, құда-құдағиым бар. Мені барша ауыл таниды", — дейді Тұрбат ауылының тұрғыны Мухтабар Тораева.

Кейуанаға 30 жасында аяқ астынан сақал шыға бастаған. Ол кезде дүниеге екінші перзентін алып келген. Кейін мұрт та пайда болыпты. Содан бері арада 40 жыл уақыт өткен. Осы жылдар аралығында бірде-бір рет ұстара пайдаланбаған. Бүгінде сақалының ұзындығы 20 сантиметрден асады.

"Қыздар жуырда өлшеп көрді. Шамамен 21 сантиметрге жуықтап қалыпты. Оның алдында 16 сантиметр болған еді, бес сантиметрдей өскен екен", — дейді ол.

Мухтабар әже әлі күнге дейін келбетінің барша жұртты таңғалдыратынын айтады. Әсіресе, көрші Өзбекстанға жолға шыққанда қызыға арайтындар көп екен.

Жаңалықтар
0