АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. АҚШ-тағы орта мектеп мұғалімі Айне Фатима оқушылардың үй жұмысын бағалаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Тапсырмаларды тексерген кезде ұстаздың қандай сезімде болғанын шәкірттері смайликтер мен мемдер бейнеленген стикерлер арқылы білетін болған.
Айне Фатима Twitter парақшасында жариялаған видеода оқушының бақылау жұмысына стикер жапсырып отыр. Стикерде түкке түсінбей тұрған баланың суреті бейнеленген.
I love grading with my new stickers! pic.twitter.com/4K66qQblSJ
— ainee f. (@axfxq) 17 октября 2018 г.
Видео әлеуметтік желіде тез тарап, Фатиманың парақшасында алты миллионнан астам адам тамашалаған.
Оқушыларының білімін бағалаудың ерекше тәсілін 27 жастағы қыз олардың үй тапсырмасын тексергенде қандай күйде болатынын жеткізу үшін ойлап тауыпты. Ал жарияланған видеода шәкіртінің ақылға қонымсыз жауаптарына көңілі толмаса керек.
"Жаңа стикерлермен баға қойғанды жақсы көрем!", — дейді Айне Фатима.
Оның айтуныша, бұл әдіс оқушыларға қатты ұнапты. Дәптерлерінде стикерлерді көрсе, қуанып, мәз болады екен. Ал стикер болмаса, мұңайып қалатын көрінеді.