Оқиға

Павлодар тас жолындағы апат: жүргізуші тірідей жанып кетті

© Photo : pixabay.comӨртенген көлік
Өртенген көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар қаласы жанындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, өртке оранды

ПАВЛОДАР, 19 қазан – Sputnik. Павлодар қаласы маңындағы тас жолда жантүршігерлік көлік апаты болды: "Лада" мен "ГАЗель" жүк көлігі соқтығысып, өртке оранған, жүргізушілердің бірі қаза тапты, деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруші, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда моншаға түсіп жатқан әйел балаларымен бірге тірідей жанып кетті
Полиция мәліметіне сүйенсек, апат жұмаға қараған түні болған – 19 қазан сағат 00.20-де Павлодар — Семей тас жолында Байдалы ауылына жақын жерде. 

Қатты соққыдан "Лада" өртеніп, жалын "ГАЗель" көлігін де шарпыды, салдарынан екі көлікте түгі қалмай жанып кеткен. "Лада" жүргізушісі өртке оранған көлікте қаза тапты.

Instagram парақшасында жантүршігерлік оқиғаның видеосы жарияланған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, соның салдарынан абайсызда болған адам өлімі) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, "ГАЗель" жүргізушісі дәрігерлердің көмегінен бас тартыпты.

Тағы оқыңыз:

Жаңалықтар
0