АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аргентинадағы жасөспірімдер Олимпидасында алтын медаль жеңіп алды.
91 келі салмақ дәрежесінің финалында Айбек Оралбай алжирлік Мохаммед Амин Хасидпен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Айбек Оралбайға берді. Үшінші орын пуэрторикалық Элвин Каналеске бұйырды, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
"Мен бұл боксшымен әлем чемпионатының жартылай финалында кездескен едім. Ол жолы да, бүгінде жеңіске жеттім. Екінші раундта қарқынды күшейтіп, одан басым түстім. Бүгін қолдау білдіруге келген қазақстандық спортшыларға, бапкерлерге алғысым шексіз. Олардың қолдауын сезіндім. Намысты қолдан бермей, алтынға қол жеткіздім", — деді Олимпиада чемпионы Айбек Оралбай.
Еске сала кетейік, тағы бір қазақ боксшысы Дамир Тойбай Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.