Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке:18 қазан

Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 289-шы күн, жыл соңына дейін 74 күн бар

18 қазанда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

18 қазанда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін эспрессо күні атап өтіледі. Кейбір мамандардың айтуынша, шарап емес, эспрессо италиялықтардың нағыз сусыны болып есептеледі. Дегенмен, қазір бүкіл әлем кофені сүйсіне ішеді. Бұл мереке қалай тойланады? 18 қазанда кофесіз өмір сүре алмайтын елдерде мейрамханалар, дәмханалар, тіпті көшеде эспрессо тегін таратылады. Әрі бұл күні кофе дәнінің қымбат сортынан дәм татуға мүмкіндік бар. 

АҚШ-та жыл сайын 18 қазанда Аляска күні атап өтіледі. Мереке Ресей империясының құрамында болған бұл аумақтың Америка Құрама Штаттарына қосылуына арналған. 

Сондай-ақ, бүгін Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мейрамы — Тәуелсіздік күні. 

Бұдан бөлек, 18 қазанда ерекше мереке – Күмән күні атап өтіледі. 

18 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1723 жылы Котлин аралында Кронштадт бекінісінің негізі қаланды; 

1922 жылы BBC (British Broadcasting Corporation) британдық телерадио корпорациясы құрылды; 

1929 жылы "К-5" жолаушылар ұшағы алғаш рет аспанға көтерілді; 

2011 жылы ТМД елдерінің еркін сауда аймағы туралы келісімшартқа қол қойылды. 

18 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1926 жылы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архиві құрылды; 

1951 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының жарлығымен Қазақ КСР халық соттарын сайлау туралы ереже бекітілді; 

1992 жылы қазанда Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. Осы жылдан бастап бұл күн Қазақстанда мереке ретінде атап өтіледі;

1997 жылы Алматыдағы 8 март көшесіне Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.

18 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар:

1926 жылы сыншы, аудармашы Николай Ровенский дүниеге келді. Ол Б.Майлиннің, С.Мұқановтың, Р.Нұрғалиевтің, Ө.Қанахиннің шығармаларын орыс тіліне аударған.

1926 жылы америкалық рок-музыкант, әнші, автор Чак Берри дүниеге келді. Ол алғашқы танымал  рок-н-ролл орындаушыларының бірі. 2004 жылы Rolling Stone журналының тұжырымы бойынша 50 ұлы орындаушының рейтингісінде бесінші орын алды; 

1960 жылы америкалық актер, режиссер, сценарист, продюсер Жан-Клод Ван Дамм дүниеге келді;

1973 жылы ресейлік театр және кино актері, Ресейдің халық әртісі Сергей Безруков дүниеге келді.

18 қазанда Қазақстанда кім туды: 

1924 жылы көрнекті жазушы және аудармашы Мұхамеджан Дүзенов дүниеге келді;

1971 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дүниеге келді.

Жаңалықтар
0